Қазақстанда қанша демалыс және ойын-сауық саябақтары бар


2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген, бір жылда олардың саны 9,1% артты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде демалыс орындарының ең көп саны Түркістан облысында (32), Шымкент қаласында (2) және Қарағанды облысында (28).
2024 жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына 15,5 млн адам барған. Барушылар санының ең көбі Астана (3,2 млн келу), Шымкент (2,7 млн келу) және Алматы (2,5 млн келу) қалаларында байқалған.
Меншік нысаны бойынша демалыс саябақтарының 29%-ы мемлекеттік меншікте, 69,3%-ы жеке меншікте және 1,5%-ы шетелдік меншікте.
Демалыс орындарының 131 ашық аспан астында, 120 орын ғимарат ішінде орналасқан. Ауылдық жерлерде 51 ойын-сауық және демалыс орны жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің – 19,1%.
Демалыс орындарында аттракциондар мен ойын автоматтары түріндегі сауық құруға арналған 3 923 нысан бар.



