00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауласында арыстан асыраған Сарыағаш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

11 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ауласында арыстан асыраған Сарыағаш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды
видеодан скрин

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді. Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген polisia.kz хабарламасында.