Атырауда жол-көлік оқиғаларын дронмен бақылау қызметі іске қосылды

26 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Атырауда жол-көлік оқиғаларын дронмен бақылау қызметі іске қосылды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, тасжолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылық деңгейін төмендету мақсатында Атырау облысы аумағында жол қозғалысы ережесін дронмен бақылау қызметі іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған қызметтің басты мақсаты – көлік құралдарының қарсы бағытқа шығуы, авариялық жағдай туғызу, маневр жасау ережелерін бұзу, жүргізушілердің көлік басқару кезінде ұялы телефон қолдануы және қауіпсіздік белдігін тақпау фактілерін анықтап, олардың жолын кесу. Бұл шара тасжолдардағы барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты полиция қала сыртындағы тасжолдарды пайдаланатын барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.