00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Түркістан облысында 29 оқушы мен 10 педагог уланып қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістан облысында 29 оқушы мен 10 педагог уланып қалды
Оңалхан Оңерхан

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте 29 оқушы мен 10 педагог уланып қалды, деп хабарлады Elorda.info облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Мәселені Түркістан облысы білім басқармасы назарға алды. Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өз бақылауына алып, Сарыағаш ауданындағы жағдайға байланысты арнайы іс-сапармен келді. Мектеп ұжымы мен ата-аналармен кездесіп, екі жақтың уәжін тыңдады. Дүйсенбі оқушылар мен мұғалімдер мектепке келгеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен. Жедел-жәрдем шақырып, 29 бала, 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып кетті. Ауруханаға алып кеткендердің жағдайы бір қалыпты болғаннан кейін, барлығы үйлеріне қайтарылды. Қалған 2 ұстаз ауруханада, - деп жазылған хабарламада.

Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтан (онлайн) білім алатындығы туралы шешім қабылданды. 

Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда. Аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс  жұмыстарын, жүргізуде. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасараларына тиісті шаралар қолданылады, - деп жазылған хабарламада.