00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді – ІІМ

125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді – ІІМ
Фото: Астана қаласы Полиция департаментінен

Ішкі істер министрлігі сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шаралар барысында полицейлер өртке қарсы қызмет бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, сегіз мыңнан астам рейд жүргізді.

1 480 заң бұзушылық анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.

Отшашуды пайдалану кезінде жарақат алу фактілерін болдырмау мақсатында төрт мыңға жуық ақпараттық материал жарияланды.

«Нұсқаулықта жазылған пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздік шаралары сізге өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік береді», – деді ІІМ өкілдері.