00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жалпыға бірдей міндетті оқыту» қоры арқылы әлеуметтік осал санаттағы 14 500 балаға көмек көрсетіледі

30 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жалпыға бірдей міндетті оқыту» қоры арқылы әлеуметтік осал санаттағы 14 500 балаға көмек көрсетіледі
Оңалхан Өнерхан

2024-2025 оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында жекелеген санаттағы оқушыларға мектепке қажетті киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық және қаржылық көмек көрсетіледі.  Биылғы жылы «Жалпыға бірдей міндетті оқыту» қоры бойынша әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Коммуникациялар орталығында өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Биылғы оқу жылында әр балаға 43 407 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Енді білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін ережеде көрсетілген құжаттарды көрсете отырып, мектепке өткізеді», - деді Серік Адылбаев.

№ 64 қаулыда көрсетілгендей келесі санаттағы оқушыларға аталған материалдық көмек көрсетіледі: АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;  жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар;  жетім балалар және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;  Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар; басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).

«Астана қаласының Білім басқармасы осы мәселе бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге дейін елорда мектептеріне 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен», - деді спикер.                    

Айта кету керек, 2021 жылы 14 620 оқушы, 2022 жылы 13 658 оқушы, 2023 жылы 14 040 оқушыға аталған қор бойынша көмек берілді.