Қостанай облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үй салынды
20 тамыз, 2024
фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығы
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Қостанай облысы Амангелді ауданының Есір ауылында екі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне жаңа үйдің кілттері тапсырылды, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 70 жеке тұрғын үй салынып аяқталды.
Сонымен қатар, 83 тұрғын үй нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың аяқтау мерзімі тамыз айының соңына жоспарлануда. Оған қоса, өңір тұрғындары үшін 315 үй сатып алынды, 815 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
27 наурыз, 2026
Қазақстандықтар VR технологиясы арқылы жаңа мамандықтарды үйрене алады
26 наурыз, 2026
Полиция алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді
26 наурыз, 2026
Сот орындаушылары азаматтар пайдасына 500 млрд-тан астам қаражат өндірді - Әділет министрлігі
26 наурыз, 2026
Цифрландыру: 86 мың адам «AdiletGov» қосымшасын қолданады