Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері жұмыс істей ме
7 наурыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері – 8-9 наурызда жұмыс істемейді, деп хабарлады Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталатыны айтылған. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері болып саналады.
Ұқсас жаңалықтар
2 сәуір, 2026
Аутизмді ерте анықтау: Елімізде 80 орталық медициналық оңалту көмегін ұсынады
1 сәуір, 2026
Пойызда немесе вокзалда затыңызды ұмытсаңыз не істеу керек
1 сәуір, 2026
Елордадағы мектепте ерекше маңызы бар «Кино апталығы» әлеуметтік жобасы басталды
30 наурыз, 2026
Зейнетақы төлемінен 20% ұстап қалады деген ақпарат – жалған