03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Балалардың терезеден құлап кетуіне қалай жол бермеуге болады

|
Photo: Фото: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Балалардың терезеден құлап кетуіне қалай жол бермеуге болады

|
Photo: Фото: ТЖМ

Астаналық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар тарата отырып, қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан қырағылықты арттыруды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Оқыс жағдайлардың алдын алудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін немесе оны мәңгілік мүгедек етіп жіберуі мүмкін;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен есіктердің жанында ойнап отырған болса;

- тиісті қорғаныссыз москит торларын қолданбаңыз. Балалар оған сүйенемін деп құлап кетуі мүмкін;

- балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнатыңыз;

- бала терезенің алдына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗