Алты жасар жиенін ваннаға тұншықтырып өлтірген шымкенттік әйел сотталды


Шымкентте алты жасар жиенін өлтірген әйелге үкім шықты. Ол қыздың қолын байлап, ваннадағы суға тұншықтырған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Cотта 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесінің 2018 жылы туған қызын өлтірген. Ол баланың ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлағаны, одан соң ванннаға су толтырып, қасақана тұншықтырып өлтіргені анықталды.
Прокурор күдіктіге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұраған.
Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескеріп (ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ) 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.



