Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығына ұсынымдар қабылдау қашан басталады
Фото: akorda.kz
Жылдағы дәстүрге сәйкес, биыл да ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады.
Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Республика күніне орай Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады
24 қазан, 2025
Президент: «Тұрақтылық пен тыныштықтың қадірін білу қажет»
24 қазан, 2025
Білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есеге артты – Президент
24 қазан, 2025
Президент: Бұл – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн
