Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биылғы заңнамалық жаңалықтардың бірі – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі. Бұл – өндірушілер мен олардың өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік цифрлық жүйе. Реестрге енгізу жинақталған мәліметтер негізінде «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға, жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді», – дейді Ерсайын Нағаспаев.
Реестрге енгізу механизмі төрт кезеңнен тұрады:
-ақпараттық жүйе арқылы өтінім беріп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы деректерді өңдеуге рұқсат беретінін растайды;
-мемлекеттік деректер базасымен цифрлық тексеріс арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі;
-технологиялық операциялардың орындалуы бағаланады, қажет болған жағдайда өндірістік алаңға барып бағалау жүргізіледі;
-реестрдегі отандық тауар өндірушілерге тоқсан сайын мониторинг жасалады.
Мемлекет басшысы тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін заңға биыл 19 мамырда қол қойған.