Мемлекеттік инспекторлорға кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығы беріледі
10 маусым, 2025


Фото: Үкімет
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру шеңберінде инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар әзірленіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
«Атап айтқанда, тексеру жүргізу туралы жұмыс берушілерді міндетті түрде хабардар етуден бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде кәсіпорындардың жұмысын тоқтата тұру бойынша өкілеттіктер беру жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер кезінде тексеру парақтарын толтырудан бас тарту ұсынылады, бұл бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетіп, жеделдетуі керек.
Ұқсас жаңалықтар

18 маусым, 2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынады

17 маусым, 2025
Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

16 маусым, 2025
Қарағандыда газ өндіретін ірі зауыт салынады

16 маусым, 2025
Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізеді