Нидерландтағы турнирде Махмұд Сабырхан қарсыласына есе жіберді


Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 7 маусымдағы нәтижесі белгілі болды.
Бұл күні ел құрамасынан Даниял Сәбит, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Ерасыл Жакпеков сынға түсті.
50 келі. Даниял Сәбит - Максим Рудик (Украина). Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті Даниялға берді.
55 келі. Махмұд Сабырхан - Максим Зименко (Украина). Өкінішке қарай аталған салмақ дәрежесінде төрешілердің шешімімен Махмұд қарсыласына есе жіберді.
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Абдулла Абу-Араб (Дания). Бірінші раундта даниялық боксшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Осылайша бұл кездесуде Ертуған жеңіске жетті.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов - Симон Рит (Германия). Бұл салмақтада төрешілердің шешімімен жеңіс Абылайханға берілді.
75 келі. Сабыржан Аққалыков - Сайрус Кларинда (Нидерланд). Қарсыласынан басым болған отандасымыз жарысты әрмен қарай жалғастыратын болды.
80 келі. Ерасыл Жакпеков - Энди Симба (Бельгия). Айқас үшінші раундта аяқталды. Ерасылдың қарсыласы да жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Айта кетейік, халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.



