Футбол: Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға есе жіберді

фото: ҚФФ
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші тур аясында Қазақстан құрамасы Астанада Солтүстік Македонияны қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық құрама ойын тізгінін қолға алғанымен, есеп аша алмады.
Солтүстік Македония құрамасы 33-минутта Александр Трайковскидің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Есеп – 0:1.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 2025 жылы 4 қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльске қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:23
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

Бүгін, 11:29
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды