03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дзюдодан әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өтті

|
Photo: фото: Olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дзюдодан әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өтті

|
Photo: фото: Olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта молдовалық Петру Пеливанмен белдесті.

Нәтижесінде Абылайхан Жұбаназар бір ұпай айырмашылығымен жеңді.

Енді қазақстандық балуанның 1/16 финалдағы қарсыласы - бразилиялық Габриэль Фалькао болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова Словения өкілі Кая Кайзерге жол берген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗