Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті.
Жарыста Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді.
Бүгін барлығы 7 мемлекеттің құрамасы сынға түсті.
Айта кетейік, бұл – биатлоншылардың IX қысқы ойындағы 4-медалі. Осыған дейін жекелей сында Владислав Киреев чемпион, Вадим Куралес күміс жүлдегер атанған. Ал бірнеше сағат бұрын әйелдер құрамасы эстафетада үздік үштікті түйіндеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:23
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

Бүгін, 11:29
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды