Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
18 маусым, 2025


фото: Olympic.kz
Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир аясында әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бәсеке өтті.
Қазақстан құрамасы Бангладешпен кездесіп, бұл бәсекеде біздің спортшылар 230:224 есебімен жеңіске жетті. Команданың намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.
Азия кубогының алтын жүлдесі үшін енді Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды.
Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістанға небәрі бір ұпай айырмасымен жол берген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:38
Елордада Astana Triathlon half ірі турнирі өтеді

Бүгін, 12:37
Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты

Бүгін, 11:41
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:03
Әскери қызметші муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті