«Сүйген жүрек»: Мәдина Сәдуақасованың танымал клипіне түскен жігіт 20 жылдан кейін әншіге тосынсый жасады

17 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Сүйген жүрек»: Мәдина Сәдуақасованың танымал клипіне түскен жігіт 20 жылдан кейін әншіге тосынсый жасады
Фото: видеодан скриншот

Мәдина Сәдуақасованың «Сүйген жүрек» әніне түсірілген клипке түскен жігіт 20 жылдан кейін әншімен кездесіп, оған тосынсый жасады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшада жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

«20 жылдан «Сүйген жүректің» бейнебаянына түскен жігітті бір шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт режиссер Рашид Сүлейменовтың группаласы. Отбасымен таныстым бүгін. Мен үшін өте жағымды тосынсый болды. Кім қатты өзгерді 20 жылда?», - деп жазды әнші.

«20 жыл болған ба? Зымыраған уақыт...», «Көріп өзіміз мәз болып қалдық қой. Ностальгия», «Ақ күшік жетпей тұр», «Түрі өзгергенмен, гүл ұстап тұрған тұрысы өзгермепті ағамыздың», «Мадина сол қалпында», «Екеуі де үлкейіпті, бірақ екеуі де өте әдемі» деп жазды оқырмандар.