Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарылған. Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады.

Сонымен қатар коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.
Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейту үшін басқа да халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Президент еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:34
«Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына сай келеді – Тоқаев

Бүгін, 16:18
Тоқаев: Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық

Бүгін, 13:33
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

17 қыркүйек, 2025
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты