03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

|
Photo: Фото: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

|
Photo: Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗