Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:34
«Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына сай келеді – Тоқаев

Бүгін, 16:18
Тоқаев: Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық

Бүгін, 13:33
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

17 қыркүйек, 2025
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты