Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді

фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:34
«Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына сай келеді – Тоқаев

Бүгін, 16:18
Тоқаев: Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық

Бүгін, 13:33
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

17 қыркүйек, 2025
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты