Президент Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Бүгін, 11:45
Айман Нығмет Айман Нығмет
Президент Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.

Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.

Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

фото: akorda.kz

Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.

«Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді», – деді Мемлекет басшысы.

фото: akorda.kz