Мемлекет басшысы: Абай мен Мақтымқұлы туындыларында үндестік бар
11 қазан, 2024


Фото: akorda.kz
Бұл турлы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы кеше Түрікменстанға ресми сапары аясында Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылғанын атап өтіп, Абай мен Мақтымқұлы туындыларында өзара үндестік пен үйлесім бар екенін айтты
«Олардың рухани мұрасы екі елдің сан қырлы мәдениетін байытып, барша адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Қазақ-түрікмен халықтарының тамыры – бір, тарихы – ортақ. Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мызғымас құндылықтардың негізінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Мұның бәрі қазақ-түрікмен қатынастарын одан әрі нығайта түсері сөзсіз», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар

3 маусым, 2025
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

3 маусым, 2025
Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлінді

2 маусым, 2025
Президент «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтады

31 мамыр, 2025
Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді