Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен сөйлесті

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:34
«Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына сай келеді – Тоқаев

Бүгін, 16:18
Тоқаев: Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық

Бүгін, 13:33
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

17 қыркүйек, 2025
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты