Әскери қызметшілер су аймақтарында профилактикалық рейд жүргізіп жатыр

28 шілде, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Әскери қызметшілер су аймақтарында профилактикалық рейд жүргізіп жатыр
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Шомылу маусымының қызуына байланысты Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Акция шеңберінде ұландықтар республика бойынша жағалау аймақтарына арнайы барып, су жағасында қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратуда, сондай-ақ демалушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, ересектерсіз жүрген жастарға, кәмелетке толмағандарға ерекше көңіл бөлінеді.

Рейдтің негізгі мақсаты — қайғылы жағдайлардың алдын алу және азаматтарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді еске салу. Шомылу науқанында балаларды ерекше бақылау керек, ағысы бар жерге жүзуге және су ішіндегі арнайы белгілерден асуға болмайды. Сондай-ақ мас күйде суға түспеу, тыйым салынған жерлерде шомылмау ескертіледі.

Ұлттық ұлан мен ТЖМ өкілдері  халықты мұқият және жауапты болуға, сақтық шараларын сақтауға шақырады.