Шерзаттың өлімі бойынша сотталғандардың біреуі рақымшылықпен босап шығуы мүмкін

11 маусым, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Шерзаттың өлімі бойынша сотталғандардың біреуі рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Абзал Құспанның инстаграм парақшасынан

Бүгін Мәжіліс қабылдаған рақымшылық туралы заң аясында Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталған тоғыз адамның тек біреуі, яғни кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қана рақымшылыққа ілігуі мүмкін, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша кінәлі деп танылып,1 жыл 6 айға сотталған болатын.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, дәл осы бап рақымшылыққа ілігетін баптар қатарына жатады. Яғни Думан Ысқақ заң күшіне енгеннен кейін түрмеден ерте шығуы мүмкін.

Ал қалған сегізі рақымшылыққа ілікпейді.

«Шерзат Полатқа қатысты істі барлығымыз қарадық. Бұл жерде адам өліміне әкеп соққан қылмыс болғандықтан,  рақымшылық актісі қолданылмайды. Бұзақылықтың бірінші, екінші бөлігі ғана рақымшылыққа жатады. Ал үшінші бөлігі, бұзақылықтың салдарынан адам өліміне әкеп соққан жағдайда рақымшылыққа жатпайды», - деп түсіндірді депутат Мәжіліс кулуарында.