Шерзат Полаттың отбасына сотталғандар қанша көлемде өтемақы төлейді

5 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Шерзат Полаттың отбасына сотталғандар қанша көлемде өтемақы төлейді
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында іс бойынша 9 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды.

Оқи отырыңыздар: Шерзат ісі: басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды

Шерзат ісі: айыпталушылар 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Сот шешімі төмендегідей болды:

  • Келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін жақын туыстарының көзінше аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, А.Шынасылдан 60 миллион теңге, Р.Сакиевтен 30 миллион теңге өндірілді.
  • Басқа сотталғандар мен Р.Сакиевтен бұзақылық жасағаны үшін бірлесіп, 30 миллион теңге өндірілді.

Жәбірленушілер кәмелетке толмаған Д.Ысқаққа қатысты азаматтық талаппен арызданбаған.

Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты:

Абзал Шынасыл - 23 жыл

Равиль Сакиев - 20 жыл

Азамат Тоқтаубаев - 15 жыл 

Нұрқияс Ілиясов - 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды.

Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1 жыл 6 айға сотталды.