Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

фото: Polisia.kz
10 маусым күні Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде 8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.
«Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,- делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды