Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бес баласы көз жұмды

5 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бес баласы көз жұмды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Батыс Қазақстан облысындағы ауылда бес бала көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 4 маусымда күндіз Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Алдын ала болжам бойынша, бес бала көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.

«Балалардың барлығы тыныстамай жатқан күйі жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Кейін Сырым ауданының әкімдігі сағат 15:00 шамасында Жымпиты ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді. Жану өнімдерінен улану белгілері бар бір жастан алты жасқа дейінгі бес бала өрт орнынан ес-түссіз күйде аудандық ауруханаға жеткізілген. Бір отбасының бес баласы да ес жимастан ауруханада көз жұмды.

Отбасының 35 жастағы әкесі МКҚК «Демалыс орталығында» қараушы болып, ал анасы жергілікті дүкенде жұмыс істейді. Бес балалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.