Абай қаласында әйел тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа құлап кетті

Фото: видеодан скриншот/ t.me/qr_tjm
Қарағанды облысында құтқарушылар тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа құлап кеткен әйелге көмекке келді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ТЖМ-ның мәліметінше, құтқару операциясы Абай қаласының үшінші шағын ауданында жүргізілген.
1974 жылы туған әйел тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.
«ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде келіп, баспалдақ орнатып, құлаған әйелді жоғарыға шығарды. Зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін құдық қақпақпен жабылған. ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды