03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

|
Photo: фото: Polisia.kz

2-6 маусым аралығында елімізде республикалық «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды; 
  • 40 қару қоймасы анықталды; 
  • қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
  • азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

«29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі», - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗