Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Оңалхан Өнерхан
Полиция қызметкерлері арнайы бағдарламалық кешеннің көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қорғау» жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.
Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан астам фактісі тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды