Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды

Бүгін, 16:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

 

300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» серіктестіктерінің басшыларына қатысты сот үкімі шықты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үй салуға бөлінген болатын. Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелді.

«Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар аса ірі көлемде жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сегіз жыл алты айға және жеті жыл алты айға бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленді», – делінген хабарламада.