00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтардың телефондарын алып кеткен алаяқ ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналықтардың телефондарын алып кеткен алаяқ ұсталды

“102” арнасына қала тұрғыны хабарласып, 30 минут бұрын бейтаныс адам Samsug Galaxy телефонын ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлады Elorda.info.

Жәбірленуші хабарлағандай, көшеде белгісіз адам оған жақындап, шұғыл қоңырау шалу керек деген сылтаумен телефонын сұраған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, ер адам жайлап алыстап, содан кейін қашып кеткен.

Осылайша, алаяқ қала аумағында төрт адамды алдаған. Сонымен қатар күдікті дүкен сатушысын да сан соқтырған. Тауарларды сатып алғанда, алаяқ банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасағандай болып жалған чек көрсеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.