00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада меценаттарға құрметті атақ тапсырылды

Елордада меценаттарға құрметті атақ тапсырылды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Форум аясында қайырымдылық жасаушылар мен меценаттарға құрметті атақ тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, қайырымдылық саласындағы құрметті атақ 2023 жылдан бастап конкурстық негізде еліміздегі қайырымдылық саласының дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға тапсырылып келеді. 2024 жылы байқауға 148 азамат өтінім түскен, оның ішінде 30 адамға құрметті атақ берілді. Байқауға қатысушылар жалпы сомасы 39 миллиард теңге көлемінде 80 мыңнан астам адамға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, форум аясында қайырымдылық қызметіне қатысты «Қайырымдылық және ESG: тұрақты даму стратегиялары», «Қайырымдылық саласындағы заңдар мен реттеулер: ашықтық пен сенімге әсер ету», «Шұғыл көмек және қайырымдылық: төтенше жағдайлар кезінде үшжақты әріптестіктің тиімді стратегиясын қалыптастыру» секілді түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, сарапшылардың пікірлері тыңдалды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, еліміздегі қайырымдылық жасаушылар, меценаттар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.