Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Литва іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарын цифрландыру, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру жағдайларын одан әрі жетілдірудің, цифрлық шешімдерді енгізудің, кедендік әкімшілендіру саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтудың, сондай-ақ Қазақстан мен Литва арасындағы көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Кездесуге қатысушылар автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға өзара мүдделілік танытып, екіжақты өзара іс-қимыл аясында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті күш жұмсауға дайын екендіктерін білдірді.