Қазақстанда тарихи-мәдени мұраны цифрландыру жүргізіледі
18 наурыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол қазіргі уақытта министрліктің қолдауымен Qazaq Culture ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. Qazaq Culture платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.
«Qazaq Culture жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады», - деп түсіндірді Аида Балаева.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі