Header Banner

Астанада пәтер жалға беруде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды

Астанада пәтер жалға беруде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды
Фото: freepik.com

37 жастағы елорда тұрғыны еліміздің түрлі қаласында пәтер жалға беру туралы жалған хабарландыруды танымал жарнама платформасына орналастырған. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Келіншек өзін пәтердің иесі ретінде таныстырып, клиенттерді депозит немесе алдын ала төлем аударуға көндірген. Кейін түскен ақшаны өз қажеттіне жұмсаған.

Аз уақыт ішінде оның алаяқтық әрекетінен 13 адам зардап шеккен. Оларға жалпы көлемі 2,1 млн теңге шығын келген. .

Сот үкімімен ол екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Жәбірленушілердің келтірілген шығынды өтеу туралы азаматтық талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды баспананы жалға алу кезінде сақ болуға шақырады. Алаяқтыққа жол бермеу үшін пәтерге меншік құқығын растайтын құжатты тексеріп, жалға берушінің аты-жөнін білу қажет. Құжатт тексеріліп, жалдау шарты жасалғанға дейін алдын ала төлем немесе кепілақы аудармаңыз.