Header Banner

Астанада мұз қату кезеңі басталды: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Бүгін, 13:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада мұз қату кезеңі басталды: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады
Фото: ТЖМ

Астана су айдындарында мұз қату кезеңі басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл уақытта мұздың қалыңдығы біркелкі болмайды. Сондықтан су айдындарына шығу, әсіресе жұқа мұз үстімен жүру адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Осыған байланысты Астана қаласы елорда құтқарушылары тұрғындар мен балық аулаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар мұздың бастапқы қату кезеңіндегі қауіптілігін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертуде.

Сонымен қатар су айдындарының маңына «Мұзға шығуға болмайды» деген ескерту белгілері орнатылуда.

Құтқарушылар тұрғындарды мұз толық қатпайынша су айдындарына шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.