Жетісу облысында 4 мың оқушы сабақта ересектерге арналған сайттарды қараған
27 қаңтар, 2025
Фото: freepik
Жетісу облысында оқушылар сабақтың орнына діни ойын мен ересектерге арналған сайттарды қараған, деп хабарлады Elordainfo.kz Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Көксу ауданындағы жеті мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген. Жеті мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жалғастыруда және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді