«Қырқынан шықты»: Әнші Кәмшат Жолдыбаева сәбилі болды
12 ақпан, 2025
Фото: Instagram.com / kamshat__zholdybayeva
Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның сәбилі болғанына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жеке парақшасындағы фотосының астына ақ тілектерін жаудырып жатыр.
«Бөпеңіздің бауы берік болсын!», «Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр екен. Босанған шығар», «Қырқынан шықты», – деп жазды көпшілік.

Ақпаратты журналист Анна Данченко да бөлісіп, сәбидің қыз бала екенін айтқан.
«Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!» – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін мерекелік кеште сахнаға шығып, Кәмшатпен селфи жасаған жігіт туралы видео әлеуметтік желіге тараған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты