Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Фото: polisia.kz
Төле би ауданына қарасты Екпінді ауылындағы Ақмешіт өзені арқылы өтетін екі өтпелі көпір нөсер жауын кезінде бұзылып, өзеннің арғы бетінде демалып жүрген азаматтар кері өте алмай қалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-к сілтеме жасап.
Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы техниканы пайдаланып, эвакуациялауды ұйымдастырды.
Арғы бетінде қалған 78 азамат, оның ішінде 28 жасөспірім аман-есен бергі жағаға өткізілді.
Барлық эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне жеткізілді.
Еске сала кетсек, Алматыда түнде таудың басында қалып қойған үш жасөспірім құтқарылды.
Ұқсас жаңалықтар
4 тамыз, 2026
14 жылдан кейінгі мұрагерлік талабы қанағаттандырылмады
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО