Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде топ жарды
5 қаңтар, 2026
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастап, ITF W15 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.
Финалда 21 жастағы қазақстандық спортшы ресейлік Мария Головинамен бірігіп, жапониялық Ману Кавамура/Хонока Кобаяши жұбын сенімді түрде жеңді.
Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл Аружанның мансабындағы ITF санатындағы бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілгенін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды