«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,7 млн астам ағаш пен бұталар отырғызылды
28 мамыр, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Көктемгі ағаш отырғызудың нәтижелері» тақырыбындағы баспасөз-конференциясында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде 405 іс-шара өткізілді.
«Нәтижесінде 1,7 млн астам ағаш пен бұталар отырғызылып, 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 1,4 млн адамды құрады, оның ішінде 82 мыңнан астам ерікті бар», - деді ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Қорғалжын қорығында қанша киік бар екені белгілі болды
30 сәуір, 2026
Мақсат Елемес: Орман өрттерін сөндіруге 2,5 мың техника дайын тұр
29 сәуір, 2026
Астанада жас боксшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
29 сәуір, 2026
100 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты