Төтенше жағдайлар министрлігі көктемге орай ескерту жариялады
6 наурыз, 2025
фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
- қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
- көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
- қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
- құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
«Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз - тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:52
Шетелге оқуға не көшуге ниетті қазақстандықтарға маңызды құжат туралы ескертілді
Бүгін, 14:55
Елімізде су инфрақұрылымын дамытуда 147 жоба жүзеге асырылды
Бүгін, 12:55
Мангал, гриль, барбекю: ТЖМ табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды
Бүгін, 12:34
Елімізде төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді