ШҚО-да балабақша меңгерушісі мен есепшісі 42 млн теңгені иемденген

ШҚО-да балабақша меңгерушісі мен есепшісі 42 млн теңгені иемденген
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан обылысында ауыл балабақшасының есепшісі  42 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы Кіші Нарын ауылының балабақша-бөбекжайын тексеру кезінде балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы, сондай-ақ салық мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады. 
 
Мекемедегі 18 қызметкердің жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдары ұзақ уақыт бойы төленбеген.
Меңгеруші мен бухгалтердің шотына 42 млн теңгеден асатын заңсыз қаражаттың аударылған.
 
Қазір осы іс бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Еске сала кетсек, Астанадағы коттедж қалашығын салушы 56 адамның қаржысын жымқырған.