Шымкентте 52 мектеп аттестациядан өте алмаған
13 ақпан, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Шымкент қаласы бүкіл өңірлердің арасында білім сапасы бойынша 20 орынның соңғысында тұрақтап тұр. Қаладағы 160 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тест сынақтарын тапсыра алмаған мұғалімдер арасында 20-25 жылдық өтілі бар ұстаздар да бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.
Қаладағы мектептерде 37 мың мұғалім жұмыс істейді. Жауаптылар білім саласындағы түйткілдерді шешу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
30 сәуір, 2026
Елімізде бір мезгілде 18 университетте «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экосағаттар өтті
30 сәуір, 2026
Еліміздегі 100 мыңнан астам оқушы арасында білім мониторингі өткізіледі
29 сәуір, 2026
Мен оқыған 10 кітап: Спортшылардың таңдауы қандай