ШЫҰ-да қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу мәселелері талқыланды
31 наурыз, 2025
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші отырысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауапты ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Циндао қаласында өтті. Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің іс-шаралар бағдарламасын, күн тәртібін, хаттама жобаларын және бірлескен коммюникесін талқылады.
Отырыста бұған қоса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері ынтымақтастық жоспарының жобасы да қаралды.
Ұқсас жаңалықтар
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
31 шілде, 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр – Тоқаев
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев консультативтік кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды
31 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады